Алматыда ауаның ластану индексі 2,8 бірлікке төмендеді

АЛМАТЫ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда ағымдағы жылдың қыркүйек айында ауаның ластану индексі 7,9 бірлікті құрады, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 бірлікке төмен деп хабарлады «Қазгидромет» РМК «Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
None
None

Ауаның ластануын бақылау қаланың әртүрлі әкімшілік аудандарында орналасқан 5 станционарлы қосында жүргізілді.

Ауаның ластану индексінің мәніне байланысты ауаның ластану деңгейі келесідей анықталады: төмен - 5 бірлік немесе одан кем, жоғарылатылған - 5-7 бірлік, жоғары - 7-14 бірлік, өте жоғары - 14 бірлік немесе одан артық.

Соңғы жаңалықтар