Алматыда аудан əкімінің орынбасары сотталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бостандық ауданы əкіміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
Шенеунік бюджет қаржысынан 121,2 миллион теңге ұрлады деп айыпталып отыр.
Бұл қаржы ауданның Алмалы, Шығыс, Тау бөктері көшелерінде сел қалдықтарын тазартуға жұмсалған.
Қалалық прокуратура хабарлағандай, мемлекеттік сатып алулар бойынша келісім шарттары іс жүзінде орындалмаған.
Жеткізуші компаниямен жалған құжат арқылы есептескен.
"Тексеру барысында Алматы прокуратурасы Бостандық ауданы əкімдігінің лауазымды тұлғалары мен DANIYA Construction жəне «Саулет Сапа Курылыс» ЖШС 121,1 млн теңгені жымқырғаны анықталды», - деді прокуратураның баспасөз қызметінен.
Құзырлы орган шенеуніктерге ҚР ҚК 361-бабымен, мердігер ұйымдардың лауазымды тұлғаларына ҚР ҚК 189-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Судья лауазымды тұлғаларды 2-6 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.