Алматыда әуе компанияларының бірінің кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер ұсталды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Наурыздың 15-і күні Алматыдағы әуе компанияларының бірінің кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер ұсталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түнгі 2-де қақпадан секіріп түсіп кеңсеге кірген қылмыскерлер күзетшіні аяусыз ұрып-соғып, өздерімен бірге темір сейфті, "Сайга-410К" аңшы мылтығын және қымбат ноутбукты алып кеткен болатын.Қалалық ішкі істер департаментінің Қылмыстық полиция басқармасының бастығы Амангелді Шідерқұловтың айтуынша, арнайы құрылған жедел-тергеу тобы ауқымды іс-шараларының нәтижесінде шабуыл жасағандардың үшеуін тұтқынға алды. Енді 4-шісі іздестірілуде. Олар Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары болып отыр. Бұл қылмыстың негізгі бастамашылары ағайынды Максим мен Антон Петровтар. Тергеу кезінде қылмыскерлердің сейфтегі 1,5 миллион теңгені өзара бөлісіп алғаны және онда Максим мен Антонның үлесі көбірек болғаны анықталды.

«Петровтардың кішісі мотоцикл алуды көптен армандап жүргені белгілі болды. Қомақты "олжадан" кейін ол өзіне спорттық үлгідегі "Хонда" мотоциклін сатып алған. Ал өзге заттай айғақтар жалға алған пәтерден табылды және өздері осында ұсталды", дейді полковник Амангелді Шідерқұлов.

Соңғы жаңалықтар