Алматыда әуеге көтерілген ұшақ көп ұзамай қайта қонды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда әуеге көтерілген ұшақ көп ұзамай қайта қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда әуеге көтерілген ұшақ көп ұзамай қайта қонды

Өткен түнде алматылықтар әуеге көтеріліп, кері қайтқан ұшақты видеоға түсіріп алды.

Бейнежазба әлеуметтік желіде пайда болды.

Мән - жайды анықтау үшін «ҚазАқпарат» агенттігі Алматы халықаралық әуежайына ресми сауал жолдады.

«Алматы халықаралық әуежайына бұл оқиғаға қатысты әуе компанияларынан ресми ақпарат түскен жоқ», - деп жауап берді әуежайдың баспасөз қызметі.

Мәліметтер нақтылануда.

Бұған дейін Алматы халықаралық әуежайында «бомба» қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Осы жағдайға байланысты әуежайда 6 рейс кейінге шегерілді.