Алматыда әуесқой фотосуретші Таймас Нұртаевтың жеке көрмесі ашылды

АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында әуесқой фотосуретші Таймас Нұртаевтың жеке көрмесі ашылды,

Алматыда әуесқой фотосуретші Таймас Нұртаевтың жеке көрмесі ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Таймас Нұртаев мамандығы құрылысшы, дельтаплан спортынан және тау шаңғысынан спорт шебері, ұзақ жыл Алматы үй құрылысы комбинатында қызмет атқарған, Қазақ КСР еңбек сіңірген құрылысшысы.Көрмеде әуесқой фотосуретшінің Камчатка, Непал, Қырғызстан, Ресей мен Қазақстанның табиғаты сұлу өлкелерінің көріністері бейнеленген 50-ге жуық туындылары қойылған. «Таймас Қуанышұлы мамандығы құрылысшы болса да жанынан фотоаппаратын тастамай, аралаған жерінің барлығын суретке үлкен шеберлікпен түсіріп отырған. Оның суреттерін көріп отырып күнделікті өмірде өзіміз байқай бермейтін әсем табиғатты көресің. Бұл тұрғыда оның әуесқой болса да үлкен фотосуретші екенін байқауға болады», дейді «Алматықалақұрылысы» холдингінің президенті, әріптесі Амангелді Ермегияев. Көрме мамырдың 21-не дейін жалғасады.