Алматыда әуежай мен вокзалға бомба қойылғандығы туралы хабар түсті

АСТАНА. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат - Алматыда әуежай мен вокзалға бомба қойылғандығы туралы хабар түсті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халықаралық әуежайға жарылғыш заттың қойылғандығы туралы анонимді хабар ішкі істер департаментіне қаңтардың 23-і күні сағат 20.00-де түскен. Құтқарушылар 1 мыңдай адамды әуежай ғимаратынан жедел көшіріп, арнайы іс-шаралар жүргізді, бірақ ешқандай бомба табылған жоқ . Дәл сол минутта Алматы-1 теміржол вокзалына да бомба қойылғандығы туралы анонимді хабар түседі. Жедел 600 адам көшіріліп, арнайы іс-шаралар жүргізіледі, бірақ ол жерден де еш нәрсе табылмайды. Қоңырауды бір адамның немесе екі адамның соққаны әзірге белгісіз.
Соңғы жаңалықтар