Алматыда Әуезов аудандық ІІБ бұрынғы басшысы сотталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әуезов аудандық ІІБ Бақыт Қасабековке қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.
Экс-басшысы Бақыт Қасабековке ҚР ҚК 366-бабы мен 361 бабы бойынша яғни қылмыстық топты құрып, өзінің лауазымын пайдалана отырып оған басшылық жасады және пара алды деген айып тағылған болатын.
Алмалы аудандық сотының судьясы Қуаныш Әріпов Бақыт Қасабековты айыпты деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Сонымен қатар, «полковник» шенінен, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс жасау құқығынан айыру туралы шешім шығарды.
Айта кетейік, мамырдың 29-нан 30 қараған түні арнайы жасақ қызметкерлері Алматыда қылмыстық топты қолға түсірген болатын. Тінту жұмыстарының нәтижесінде Бақыт Қасабеков тұтқынға алынды.
Онымен бірге қылмыстық топқа қатысы болған 15 адам ұсталған еді.
15 күдіктіге қатысты ҚР ҚК 262-бабының 2-бөлімі бойынша, яғни ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық етті деген айып тағылды.
Сондай-ақ, ҚР ҚК 287-бабының 5-бөлімімен (қару мен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау, сатып алу, ұстап жүру) іс қозғалды.