Алматыда ауған әйелдерінің қолөнер бұйымдарының көрмесі өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны Халықаралық босқындар күні аясында БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы ұйымдастырып отыр. Былтыр әлем бойынша тұрғылықты орнын ауыстыруға мәжбүр болған 43 миллион адам тіркелді. Оның 15 миллионы босқындар болып отыр.
Қазақстандағы ауған босқындары белсенділерінің бірі саналатын Жәмилә Ахмедзайдың айтуынша, оларға босқындар мәртебесі 1998 жылы берілген. Босқынға ұшыраған ауған әйелдерінің қолымен жасалған бұл көрмеге олардың «доль» деп аталатын ұлттық ұрмалы аспабы, әйелдердің жазғы аяқ киімдері, (пайзар), бас киімдері (чальма) және өрнекті кілемдері мен басқа тұрмыстық заттары қойылған. Енді бұл шара ертең Орталық көрме залында фоокөрмеге, ал 23-інде «Mега Алма-Ата» орталығындағы босқын балаларға арналған мәдени іс-шараларға ұласады деп жоспарланып отыр.