Алматыда Ауған соғысының ардагерлері мен Чернобыль апатын жоюға қатысқандардың мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтті

Ы. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы мен «ҚР Ауған соғысының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі бірлесіп, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері, Чернобыль АЭС-і апатын жоюға қатысқандардың кәсіби құқығын қалпына келтіру және жұмыспен қамтамасыз ету. Құқықтық негіздері: проблемалар мен ұсыныстар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді,

Алматыда  Ауған соғысының ардагерлері мен Чернобыль апатын жоюға қатысқандардың мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтті

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жиынның басты мақсаты - ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кәсіби құқығын қалпына келтіруді жақсарту жолында ұсыныстар қабылдау.  Ұйымдастырушылардың пікірі бойынша, мұндай шара маңызды саланың теориялық та, тәжірибелік те қырларына қатысты қалыптасқан мәселелерді әр қырынан ашуға көмектеседі. Сондай-ақ басқосуда желтоқсанның  3-і - Халықаралық мүгедектер күні  өткелі отырған  ғылыми-практикалық конференцияның қарары да негізге алынды.