Алматыда аулада самокат теуіп жүрген 3 жасар баланы көлік қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Аулада самокат теуіп жүрген 3 жасар бала көліктің астына түсіп кетіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда аулада самокат теуіп жүрген 3 жасар баланы көлік қағып кетті

Қалалық ПД хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін 28 сәуір күні түстен кейін Орбита-3 ықшамауданында болған.

«Subaru» көлігінің 23 жастағы жүргізушісі аула ішіндегі жолда солға бұрылып, самокат теуіп жүрген 2017 жылы туған баланы қағып кетті. Өкінішке орай, бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полициядан.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қ РҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасы қарап жатыр.