Алматыда Әулие Патрик күніне арналған қайырымдылық кеші өтті

АЛМАТЫ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда 14 наурыз күні «Дублин» пабында Әулие Патрик күніне арналған қайырымдылық кеші өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәдени және ойын-сауық бағдарламасының аясында қайырымдылық аукционы ұйымдастырылды. Бұл шара қоғамға қызмет ету «ROTARACT» жастар клубының және «Ротари» клубының жастар қанатының бастамасымен өтті. Аукционда Алматы қаласындағы №3 «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілері әзірлеген суреттер салынған тәрелкелер саудаланды. Кеште жиналған қаржының барлығы балалар үйлеріне көмек көрсетуге бағытталады.Бұл «Ротари Алматы» клубы ұйымдастырған бірінші қайырымдылық шарасы емес. Ол осыған дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Қазақстан диабет қауымдастығына, мүмкіндігі шектеулі балалар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, сондай-ақ республиканың әр түрлі әлеуметтік мекемелеріне қол ұшын берген болатын.Айта кетелік, Әулие Патрик күні 17 наурызда тойланады. Бұл күні Әулие Патрик құрметіне көптеген елдерде мерекелік шерулер, түрлі мейрамдық шаралар ұйымдастырылады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум