Алматыда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестігін арттыру туралы республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 2 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестігін арттыру ҚР Агро-өнеркәсіп кешенінің үдемелі дамуының негізі» деп аталатын республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтіп жатыр.

Алматыда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестігін арттыру туралы республикалық  ғылыми-тәжірибелік семинар өтіп жатыр

Қазақтық ұлттық аграрлық университетінде ұйымдастырылған бұл шарада қолданбалы ауыл шаруашылығы зерттеулері, білімді беру мен тарату жүйесі, маркетингтік инфрақұрылымды дамыту және жаңа технологияларды енгізу мәселелесі арнайы секцияларда жан-жақты талқыланады деп жоспарлануда. Оған Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Бүкіләлемдік банктің, «Қаз-Агро» Ұлттық басқару холдингінің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының, аграрлық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институтарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, фермерлік және шаруа қожалықтарының жетекшілері, ғалымдар мен сарапшылар қатысуда.