Алматыда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры жанында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жәрмеңкеге Алматы облысы, Жамбыл ауданының шаруа қожалықтарының өнімдері қойылған. Өнімдердің бағасы нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан. Бұнда ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидектерді сатып алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік маусымның 26-сынан бастап Алматыда жәрмеңке маусымы деп жарияланған. Азық-түлік тауарларының сауда нүктелері қаланың барлық аудандарында жұмыс істеп жатыр.