13:11, 05 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Алматыда ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкелерінің маусымы ашылады
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкелерінің маусымы ашылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жәрмеңке дәстүрлі түрде қаланың барлық аудандарында қыркүйек пен мамыр айларының аралығында 2-ші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Жәрмеңкеде ет-сүт, көкөніс, жеміс-жидек сынды ауылшаруашылық өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылады. Мұндағы тауарларды Алматы облысының Райымбек, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Іле аудандарының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері жеткізеді. Жәрмеңке әр сенбі, жексенбі күндері 9.00-15.00 аралығында өткізіледі. Бұл үшін арнайы орындар бөлінген.