Алматыда ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда «Достық» спорт сарайында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды.

Алматыда ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі басталды

Бұл туралы Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200 астам спортшы қатысуда.

Енді осы біріншілік аясында үздік нәтиже көрсеткен ауыр атлеттер биыл жасөспірімдер арасында өтетін Әлем чемпионатына іріктелетін болады. Ал әлемдік дода үстіміздегі жылы Польшаның Вроцлаве қаласында 6-14 маусым аралығында өтеді.