Алматыда ауыр жүк көлігі өртке оранды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолда келе жатып, ауыр жүк көлігі өртке оранды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

 Алматыда ауыр жүк көлігі өртке оранды

«Оқиға бүгін күндізгі сағат 13:00-де Алматы қаласының Жетісу ауданында, Қапшағай көпірі маңында орын алды. Өрт MAN ауыр жүк көлігінің моторынан шыққан. Өрттің аумағы 0,7 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өртті Алматы қалалық ТЖД Апаттық-құтқару қызметінің өрт сөндірушілері сөндірді. Барлығы тілсіз жауды жоюға жеке құрамнан 9 адам мен 2 техника жұмылдырылды», - деді Р. Иманқұлов.