13:29, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматыда ауызсуды тазартудың жаңа технологиясы енгізілді
АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда ауызсуды тазартып, оның құрамындағы зиянды қоспаларды залалсыздандырудың жаңа әдісі қолданылады. Бүгін «Алматы су» холдингі залалсыздандыру жаңа қондырғысын арнайы таныстырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі таңда суды тазартудың түрлі әдістері бар. «Алматы су» холдингінің нысандарында газ тәрізді хлор арқылы тұщыту қолданылып жүр. Десек те, хлор күшті әсер ететін улы зат болғандықтан, оны зиянсыз химиялық тазартқыштармен ауыстыру бүгінгі заманның талабы болып табылады. Сондықтан қазірде суды залалсыздандыру тәжірибесінде хлордың балама химиялық қосылыстары жиі қолданыла бастады. Солардың бірі ? натрий гипохлориті. «Бүгінгі таңда қаланың қарқынды дамуына орай және тұрғындардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында су тазарту әдісін сұйық хлордан натрий гипохлоритіне көшу қажеттігі туындап отыр. Аталған тәсілді қамтамасыз ететін жаңа қондырғыны қазақстандық «МұнайХимСнаб» компаниясы сынақтан өткізді. Бұл қондырғының бір артықшылығы ? натрий гипохлоритін тазарту орынжайында өзі өндіріп, оны тазарту жұмысына қосады. Санаулы күндерден кейін қондырғы іске қосылатын болады», дейді бас тазарту ғимараттарының басшысы Алексей Дудкин.Мекеменің технолог-мамандарының айтуынша, қазіргі орын алған экономикалық ахуал жағдайында дайын натрий гипохлоритті сатып алу мен тасымалдау тиімсіз. Сондықтан натрий гипохлоритті электролиз арқылы ас тұзының ерітіндісін тұтыну орнында алу тиімдірек. Бұндай тәсіл шығындарды азайтудан басқа хлорға байланысты барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді