07:56, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Алматыда авокөліктің ағашқа соқтығысуы салдарынан 5 бойжеткен ауруханаға түсті
ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда «БМВ» көлігінің ағашқа соқтығысуы салдарынан 18 жастағы 5 бойжеткен ауруханаға түсті.

«26 қараша күні, сағат 20.58-де Рысқұлов пен Волочаев көшелерінің қиылысында «БМВ» көлігінің 17 жастағы жүргізушісі ағашқа соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан оның 1993 жылы туған 5 жолаушысы ауыр жарақаттармен ауруханаға түсті», - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.