Алматыда автоәуесқойлар арасында «Stravel навигатор» жарысы өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ақпанның 28-і мен наурыздың 1-і аралығында Алматыда автоәуесқойлар арасында «Stravel навигатор» жарысы өтеді.
None
None
Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында осы бәсекені ұйымдастырушылар мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған шараны ҚР автомотоспорты федерациясының қолдауымен «Silk Road Ralli» клубы мен «Stravel» компаниясы ұйымдастырып отыр. Елімізде тұңғыш рет өткізілетін жарыс 3 кезеңнен тұрады. «Алғашқы кезеңге қатысушылар Алматының тарихи нысандарын, 2-ші кезеңде Алматының мәдени орындарын, 3-ші кезеңде құпияланған орындарды тауып, суретке түсіріп келу керек. Әр кезеңде ұпайды көп жинаған адам жеңіске жетеді. Ойын қорытындысы бойынша басты жүлдеге Мысырға 2 адамдық жолдама, бағалы сыйлықтар беріледі», - дейді «Silk Road Ralli» клубының директоры Сергей Красюков.Оның айтуынша, шара жол ережесін, туған қала тарихын білуді, жастарды жылдам ойлай білуге насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар қатысушыларға жарыс алдында қала тарихы туралы әдебиетпен танысып, өзімен бірге фотоаппарат, қала картасын алып жүруді ескертеді. Шараға кез-келген жүргізушілік құжаты бар, жол ережесін білетін автоәуесқой қатыса алады.
Соңғы жаңалықтар