Алматыда автобус апатына кінәлі деген күдікпен жүргізушінің ісі сотқа жолданды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасаған автобус жүргізушісіне қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда автобус апатына кінәлі деген күдікпен жүргізушінің ісі сотқа жолданды

«Бүгін қала прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша, №98 автобусының жүргізушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы
ережелерін бұзуы) сотқа жолданды»,- деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.Еске салайық, былтыр 8 қараша күні Алматыда Төле би – Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысқан болатын.
Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмып, 21 адам зардап шеккен.
Сондай-ақ, автобус апатына қатысы бар жүргізуші қамауға алынған болатын.