16:25, 21 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Алматыда автобус пен көлік соғылып 3 адам жараланды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобус пен Хюндай көлігі соғылып, 3 адам жараланды. Жол апаты Сүйінбай көшесінің бойында Саяхаттан төмен тұста болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жол оқиғасы куәгерлерінің айтуынша, №71 автобус аялдамаға жетпей кілт тоқтаған.
Артқы жағында келе жатқан Хюндай көлігі тежегішті басуға үлгермей автобусты бір бүйірден соғып барып тоқтаған.
Жол апатынан 3 адам жапа шекті.
Автобус жүргізушісі мен жолаушы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.
Ал, ауруханаға жатудан бас тартқан кондуктор әйел кейіннен жағдайы нашарлаған соң ауруханаға кетті.
Жол апатының жай-жапсарын полиция тексеріп жатыр.