Алматыда «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

АЛМАТЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда жолаушылар тасымалдайтын көліктерге қатысты апаттардың алдын-алу мақсатында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласының ІІД-іне сілтеме жасап. Бұл шараға оңтүстік астанадағы Жол полициясы басқармасының барлық қызметтері жұмылдырылып отыр. «Бүгінгі таңда Алматы қаласында 12 мыңнан астам автобус тіркелген, олардың басым бөлігі жол ережелерін жиі бұзады. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртіптерін реттейтін нормативті құқықтық актілердің талаптарын орындамауы, автобус жүргізушілерінің біліктілігінің төмендігі, еңбек және демалыс режімінің бұзылуы аталған іс-шараны ұйымдастыруға басты себеп болды. Жүргізушілердің біліксіздігі қайғылы оқиғаларға да соқтырады», - дейді Алматы қаласының ІІД ЖПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ермек Құсайынов.Осы іс-шара барысында жол полициясы қызметкерлері жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктердің қауіпсіздік талаптарын сақтауы бойынша тексерістер жүргізіледі.Сондай-ақ қаладағы автобустардың техникалық жағдайы мен балаларды тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің жол ережелерін сақтауына ерекше көңіл бөлінеді. Жол полициясының патрульдік экипажы жол-көлік ережелерін бұзу деректерін анықтау бойынша рейдтер ұйымдастырады. «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы ақпанның 13-іне дейін созылмақ.
Соңғы жаңалықтар