Алматыда автобус жолағымен жүйткіген Lexus талға барып соғылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай көшесінде Lexus талға соғылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Lexus көлігі Абай көшесімен батыс бағытта автобус жолағымен жүйткіп келе жатқан. Көлікке не кедергі болғаны белгісіз. Жүргізуші Sinooil жанар-жағармай стансасы тұсында жол шетіне шығып кетіп, талға соғылған.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері мен полиция өкілдері келіп үлгерді. Көліктегі жолаушыны шығарып алу үшін құтқарушыларға көлікті кесуге тура келген.
Ал көлік жүргізушісі қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.