Алматыда автобус жолаушыны қағып кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Рысқұлов пен Момышұлы көшесінің қиылысында жолды кесіп өтпек болған жолаушыны автобус қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
Ер адам тыйым салынған жерден жүгіріп өтпек болған.
Газель мен №45 автобус Момышұлы көшесіне қатар бұрылған.
Газельдің арғы жағынан жүгіріп шыққан адамды автобус жүргізушісі байқамай қалған. Тежегішті басып үлгермеген жүргізуші жолаушыны қағып кетеді. Салдарынан жолаушы құлап, бордюрге басын жарып алған.
Жол апаты кезінде автобус ішінде ешкім болмаған.
32 жастағы ер адам көкірек тұсынан соққы алып, миы шайқалған.
Ер адам №7 ауруханаға жатқызылды.