Алматыда автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 3 бағдар бойынша жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік жүргізушілері бүгін таңертең жұмысқа шығудан бас тартты.

Алматыда автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне коммуналдық автопарк диспетчері мәлім етті.

«Бүгін 30-шы бағдардағы автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Себебін әлі білмейміз, жүргізушілердің неге көңілі толмай отырғанын біле алғанымыз жоқ», - деп хабарлады автопарктен.

Автопарк өкілінің айтуынша, жүргізушілер ереуілге шықпаған, тек жұмысын атқарудан бас тартып отыр. Қазіргі уақытта 30-бағдар ғана емес, №32, №121-бағдарлардың жүргізушілері де  жұмысқа шықпай отыр.