Алматыда автобустар 89 рет апатқа ұшырады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көліктердің жол-көлік оқиғасы ұшырауы жиілеп кетті. Жыл басынан бері автобустардың қатысуымен 89 көлік апаты болды. Салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда автобустар 89 рет апатқа ұшырады

«Биылғы жылдың үш айында мегаполисте 89 жол-көлік апаты болды. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 105 адам түрлі дене жарақатын алды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми ақпаратына сәйкес, 2021 жылы қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен 264 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 9 адам қаза тауып, тағы 344 адам жарақат алған. Сондай-ақ жыл басынан бері қала жолдарында мопедтердің қатысуымен 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 72 адам зардап шекті. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін мопед тізгіндеген 38 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Айта кетейік, D санатындағы жүргізуші куәлігі 25 жасқа толған және кемінде 5 жыл, оның ішінде D1 санаты бойынша көлік жүргізу өтілі 3 жылдан кем емес адамдарға беріледі. Алматы қалалық ІІД көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды еске салды.