Алматыда автокөлік газына уланып, 25 жастағы қыз бен ер адам көз жұмды
АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат - Алматыда автокөліктің ысты газына уланып, екі адам қаза тапты,
деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға сәрсенбі күні «Айнабұлақ» шағынауданындағы «Лотос» гараждар кооперативінде болды. Улану салдарынан 25 жасар қыз бен тұлғасы анықталмаған жас шамасы 20-25-тердегі ер адам өлім құшты.