Алматыда автокөлікті мініп қашпақ болған ТЖО жұмысшысы құрықталды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматыдағы автотехника жөндеу орталықтарының біріне көлігін жөндетуге сеніп тапсырған адамның «Тойота Лэнд Крузер» көлігін ТЖО жұмысшысы алып қашқан,

Алматыда автокөлікті мініп қашпақ болған ТЖО жұмысшысы құрықталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы Жетісу аудандық ІІБ-ның бастығы Қанат Таймерденов ТЖО басшылары қарамағындағы жұмысшыларды қадағаламау салдарынан осындай келеңсіз жайттардың көптеп кездесетіндігін айтады.

«Жақында тұтынушының темір тұлпарын алып қашпақ болған 25 жасар сырлаушыны құрықтадық. Көлігінің зақымданған есігін бояту үшін көлік иесі ТЖО жұмысшысына көлігін тастап кеткен. Ал ол мас күйінде көлікке міне қашып, өте жоғары жылдамдықпен келіп жолдың жиегіндегі бетонды қоршауға соғылған. Жол сақшыларының күдігіне ілінген ол құрықталды», дейді Қ Таймерденов.