Алматыда авторлық құқықты қорғау мен қарақшылық өнімдерді анықтауға арналған шара өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда «Контрафакт» деген авторлық құқықты қорғау мен заңсыз өнімдерді анықтауға арналған жедел-сауықтыру шарасы өткізіліп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл шараның мақсаты - ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу және ашу. Осыған дейінгі тәжірибе көрсеткендей, бұл салада заң бұзушылардың барлығы сырттан келетіндер. Олар жалға алынған бөлмелер мен жертөлелерде заңсыз өнімдер жасап, сатумен шұғылданады», дейді Алматы қалалық ІІД-нің криминалдық полиция басқармасының «К» бөлімінің бастығы, майор Александр Нежинский. Оның айтуынша, шара барысында барлық базарлар мен сауда орындары тексерілуде. Ол өз нәтижесін беруде. Мәселен, бір күндік шара аясында айналымнан 2 мың дана заңсыз тауар тәркіленіп, авторлық меншік құқығын бұзудың 8 фактісі анықталған. Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 19 мың қарақшылық тауар тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар