Алматыда авторлық қыш бұйымдардың жәрмеңкесі өтеді

АЛМАТЫ. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда сәуірдің 16-17 күндері авторлық қыш бұйымдардың жәрмеңкесі өтеді.

Алматыда авторлық қыш бұйымдардың жәрмеңкесі өтеді

Оны «ARTFOGLIO" галереясы ұйымдастырып отыр. Бұл жәрмеңкеге Алматыдағы жетекші керамикалық суретшілердің еш жерде қайталанбас дара туындылары қойылмақ. Олардың арасында қуыршақтар, кәде сыйлар, әшекейлер, қобдиша мен қораптар, ыдыс-аяқтар мен тағы басқа шағын сәулет нысандары бар. Бұл «ARTFOGLIO" галереясында ұйымдастырылып отырған ең алғашқы авторлық қыш бұйымдары жәрмеңкесі болғалы отыр. Өнер ұжымы бұған дейін онда түрлі жанрдағы әрқилы шығармашылық көрмелерін өткізіп келген болатын.