Алматыда «Аяулы ана» атты шығармашылық байқау өтті

АЛМАТЫ. 30 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Медеу аудандық әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұйымдастыруымен «Аяулы ана» атты шығармашылық байқауы болып өтті.

Алматыда «Аяулы ана» атты шығармашылық байқау өтті
Оған университет оқытушылары мен студенттері, белгілі қоғам қайраткерлері және өнер саңлақтары қатысты. Бұл шарада Сара Достихунова сияқты көп балалы аналарға «Алтын алқа» белгілері тапсырылып, түрлі аталымдар бойынша байқау жеңімпаздары марапатталды. Атап айтқанда мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеген аналар арасынан Салтанат Қаблақатова бірінші, Нағилия Байбағысова екінші, Камшат Абай үшінші орынға ие болды. Ал көпбалалы аналар арасынан Салтанат Абиырова, Рая Лесова, Меруерт Баржақсиевалар 1-3 орындарды өзара бөлісті. Олардың құрметіне әйгіл әнші Сара Тыныштығұлова және Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Гүл-Бану» би ансамблінің бишілері мен Қуат Иманов, Мұрат Рысқұлов, Ыдырыс Сидахмет сияқты басқа да өнерпаздар өнер көрсетті.