Алматыда «Әйел денсаулығы» атты спорттық ойындар өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 21 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда «Қос қанат» қоғамдық қозғалысы Алматы қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын студент қыздар арасында «Әйел денсаулығы» атты екінші олимпиаданы өткізіп жатыр.
Олимпиада аясында волейболдан, баскетболдан, шағын футболдан, боулингтен, биден, шыңға өрмелеуден, роликпен жүгіруден және ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізілуде.