10:42, 15 Наурыз 2013 | GMT +5
Алматыда әйел дуалдың астында қалып, мерт болды
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше, кешкі сағат сегіз шамасында Алматы қаласының Медеу ауданындағы жекеменшік тұрғын үйлердің бірінің аумағында 5 х 2 метр көлемдегі қоршау құлады.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, құлаған дуал 27 жастағы әйелді басып қалды, ол оқиға орнында жан тапсырды.