Алматыда әйел көлік астына түсіп опат болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Құлжа тас жолында әйел адам көлік астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Алматыда әйел көлік астына түсіп опат болды

Қайғылы жағдай Құлжа тас жолы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болды.

Әйел адам тыйым салынған жерден жолды кесіп өтпекші болған. Сол кезде Құлжа тас жолымен оңтүстікке бағытталып бара жатқан Субару көлігінің жүргізушісі тежегішті басуға үлгермей, әйелді қағып кетеді.Соққыдан әйел сол жерде жан тәсілім етті.
Оқиға орнында полиция, криминалистер жұмыс жасап жатыр.