09:42, 13 Наурыз 2013 | GMT +5
Алматыда әйел мен бес бала иіс тиіп уланды
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Алатау ауданының екі шағынауданында бір әйел мен бес бала көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мәселен, бүгін түнгі сағат он екі жарымда Ақбұлақ шағынауданында табиғи газбен жанатын пештің ақауы салдарынан иіс тиіп уланған 1 және 3 жастағы балалар мен нәресте ауруханаға жеткізілді.
Сағат 01:13-те Дархан шағынауданында қатты отынмен жанатын пештің ақауынан 31 жастағы әйел, 6 жастағы ұл бала мен жаңа туған сәби көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға түсті.