Алматыда әйелдер арасында спорттық покердан турнир өтеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Спорттық покер әуесқойларының республикалық федерациясының ұйымдастыруымен қаңтардың 21-і күні Алматыдағы «Қазақстан» покер-клубында спорттық покердан әйелдер арасында тұңғыш рет ел чемпионаты өтеді,

Алматыда әйелдер арасында спорттық покердан турнир өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің мақсаты - әйелдер қауымын спорттық покер ойынына тарту, ойынды танымал етуге ықпал жасау. Сондай-ақ ұйымдастырушылар турнир қорытындысы бойынша Ladies Championship-тағы WSOP әлемдік сайысына қатысуы үшін еліміздің әйелдер құрамасын жасақтауды көздейтінін айтады.

Түрлі зерттеулер бойынша әлемде покер ойнаушылардың үштен бірін әйелдер құрайды. Бүгінде покер ойнаушылардың ішінде Лика Герасимова, Катя Татер, Келли Ху, Клони Гоуэн, Аннет Обрестад сынды әлемге танымал спортшылар бар.