Алматыда «Әйелдер денсаулығы олимпиадасы» өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан / - Алматыда тұңғыш рет ұйымдастырылған студенттік «Әйелдер денсаулығы олимпиадасы» өтіп жатыр,

Алматыда «Әйелдер денсаулығы олимпиадасы» өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы әкімшілігінің және Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының қолдауымен, "Екі қанат" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып жатқан олимпиадаға 20-дан аса жоғары оқу орындарының командалары қатысуда.

Наурыздың 3-4 аралықтарында волейболдан алғашқы жарыстар болып өтті. Оған 18 команда қатысты. Енді, шара аясында боулингтен, шыңға өрмелеуден, биден, спидскейтингтен (роликпен қатты сырғанаудан), баскетболдан және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

"Бұл олимпиада бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Біз осындай шаралар арқылы қыздар арасында спортты дамытып, әйел қауымын салауатты өмір салтын насихаттауға шақырамыз. Өйткені әрбір қыз - болашақ ана, сондықтан еліміздегі демографиялық жағдайдың жақсаруы олардың денсаулығына байланысты", дейді олимпиаданы ұйымдастырушылар.