Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алған күдіктіні қамау мерзімі ұзартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға апарып тастаған күдіктіні қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алған күдіктіні қамау мерзімі ұзартылды

«Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 12 шілдедегі ақпараты бойынша, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және И. есімді ер адамға қатысты қамауда ұстау мерзімін 4 тамызға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды»,- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 12 сәуір сағат 08:40-те 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылған болатын.

1976 жылы туған, тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған әйелдің басы кесіп алынғаны анықталды.

Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен мәйіттің басы табылды.

Кейін 61 жастағы күдікті ер адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыстың жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды.