Алматыда әйгілі итальяндық әншінің концерті өтпек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда алғаш рет әлемге танымал итальяндық әнші PUPO өнер көрсетпек. Оның концерті 3 мамырда Республика сарайында өтеді. Көрермендер оның Сан-Ремо фестивалінде ондаған жылдар бойы шырқаған үздік әндерін тамашалайды, деп хабарлады қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметінен.
PUPO-ны Алматыға шақыруға Қазақстандағы итальяндық жас әнші Тони Тури мұрындық болды, ол осы бірегей шараны өзінің «Италия-Қазақстан» халықаралық жобасы шеңберінде ұйымдастырды. PUPO концерті Т.Туридің Қазақстандағы екінші ірі музыкалық іс-шарасына айналмақ. Бұдан бұрын ол 4-5 сәуірде Атырауда итальяндық жұлдыз, әнші Guerino Papa қатысуымен тамаша концерт ұйымдастырған болатын.
Айта кетейік, бұл концертке Guerino Papa, Күміс Базарбаева, «Earth Kazakhst» аруы сияқты қонақтар қатысады. Ал Тони Тури алғаш рет сахна төрінде қазақтың халық әні «Балқадишаның» итальяндық нұсқасын әуелетпек.
PUPO-ның шын есімі Enzo Ghinazzi, ол итальяндық ең танымал әндердің авторларының бірі. Сахнадағы өнер жолында көптеген альбомдар жазған оның 11-і алтын иеленсе, әлем бойынша 20 млн. астам жазбалары сатылған. Ол сондай-ақ Нью-Йорктегі Бордвейде «Madison Square Garden», Торонтодағы «Maple Leaf Garden», Лондонда «Royal Albert Hall», Парижде «Entertainment Center of Sydney» және Olympia» сынды әлемдегі танымал театрларда өнер көрсеткен.