Алматыда айлық жол жүру билеті қайта шықты

АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда 8 жылдан кейін қоғамдық көліктерде айлық жол жүру билеті қайта шықты,

Алматыда айлық жол жүру билеті қайта шықты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы билеттің құны 4500 теңге, ал студенттер мен ардагерлер билеті 2250 теңге болса оқушылардікі - 850 теңге. Аталмыш билеттер көшіріп, жалған жасаудан сақтандырылған. Сонымен қатар белгілі бір дәрежеде қорғалатын арнайы қағаздардан жасалған. Билеттерді қаланың кез-келген аялдама павильонынан сатып алуға болады.