Алматыда Айман Мұсақожаева мен Элеонора Нақыпбекованың концерті өтті
Ы. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ -Алматыда алғаш рет ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әлем әртісі саналатын скрипкашы Айман Мұсақожаева мен Ұлыбритания елінің танымал музыканты Элеонора Нақыпбекова қандасымыздың «Екі жұлдыз» атты концерті болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Классикалық өнерді бағалаушылар олардың өнерін ыстық ықыласпен қабылдады.
«Бірігіп концерт ұйымдастыру идеясы биыл Лондон қаласында туды. Идеяны Элеонора ұсынды. Біз алғашқы дайындықтан-ақ бір-бірімізді түсініп, бірге ойнауда үйлесімділік таба білдік. Біздің дуэтті сәтті деп санаймын, өйткені орындаушыларға көп жағдайда әріптес табу жағы қиынға соғып жатады. Бұған дейін алғашқы концерттеріміз Астана мен Қарағандыда өтті, енді Ақтау, Атырау, Орал және тағы да басқа қалаларда концерт қоюды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, осы жылы 6-шы рет өтейін деп жатқан Kazah-GALA концертінде екеуміз тағы да бірге өнер көрсететін боламыз», дейді А. Мұсақожаева.
Э. Нақыпбекованың айтуынша, дәстүрге айналған «Kazah-GALA» биыл да Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын болады. «Концерт Лондон қаласының ең әсем салтанатты залында өтеді. Оның дирижері - Мариус Стравинский», деді ол.