Алматыда Әйтеке би көшесі ұзартылады

Шаһар басшысының сөзінше, жыл басынан бері қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Брусиловский және Байтұрсынов көшелерінде 4 жаңа аялдама орнатылды.
«Жыл соңына дейін Мұқанов, Байзақов, Тілендиев және Панфилов көшелеріне тағы 4 аялдама орнату көзделген. Бұдан бөлек, маусым айында Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің арасындағы Әйтеке би көшесінің бойына тротуар орнатып, жолды ұзартуды бастаймыз»,- деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар, биыл аудандық маңызы бар 11 көшені және жалпы ұзындығы 25 км болатын 5 магистралды көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 4,3 млрд теңге бөлінді. Абай даңғылы – Тілендиев көшесінен Достық даңғылына дейін, Байзақов көшесі – Тимирязев көшесінен Райымбек даңғылына дейін және тағы басқа көшелер қамтылады»,- деді қала әкімі.