Алматыда айыппұл салмайды, айыпгүл сыйлайды

жатыр.
Акция аясында Жол полиция қызметкерлері мен сақтандыру компаниясының өкілдері бүгін күні бойы қала көшелерінде кезекшілік жасап, жол жүру ережелерін бұзған аруларды тоқтататын болады. Бірақ, айыппұлдың орнына нәзік жандыларға ескерту жасалып, мерекелік сыйлықтар мен гүлдер тарту етілетін болады.
Алматы қаласы Жол полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Арман Сарбасовтың айтуынша, нәзік жандылар көлікті ер адамдарға қарағанда жақсы жүргізеді және ірі жол ереже бұзушылықтарын жасамайды.
Бүгін акция аясында, сондай-ақ, қоғамдық көліктің, трамвай, троллейбустың жүргізушілеріне гүл шоқтары табыс етілді.
Акция 8 наурыз күні де болады.
Бүгінде Алматыда транзитті көліктерді есептемегенде 700 мыңнан аса көлік тіркеуде тұр. Оның үштен бірін нәзік жандылар жүргізеді екен.