Алматыда аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға арналған 500 үйірме ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған демалыс орталықтарында 500 үйірме ашылып, 155 мыңнан астам адам қамтылған. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі, мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға арналған 500 үйірме ашылды

Демалыс орталықтарында шеберлік сыныптары, байқаулар, турнирлер, жарыстар, эстафеталар, тәрбие сағаттары, профилактикалық әңгімелер, кездесулер, көрмелер, экскурсиялар, саяхаттар мен акциялар түрінде әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі.

Республика күні қарсаңында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан жасөспірімдерге Шарын шатқалы мен Көлсай көліне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға 100-ден астам жасөспірім қатысты.

Тегін турды Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырды.

«Бұл биылғы жылда бесінші тур болды. Мұндай турлар демалыс орталықтарында тәрбиеленетін 12-29 жас арасындағы тәрбиеленушілерге тегін. Келесі жылы да 5 экскурсиялық тур өткізу жоспарлануда»,- деп хабарлады Алматы әкімдігі.