18:01, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Алматыда «Азалы тарихқа айрықша тағзым» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті
АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы Қазақстан Жазушылары кітапханасында «Азалы тарихқа айрықша тағзым» деп аталатын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оған әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері, мұражай қызметкерлері, студенттер мен оқушылар қатысуда. Олардың арасында Сәкен Сейфуллиннің туысы - Рымжан Мәжитқызы, демограф-ғалым, саясаттану ғылымының докторы Мақаш Тәтімов, тарих ғылымының докторы Мәмбет Қойгелді, академик Қарттық Құсайынов. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, ҚР Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы бар. «Алаш туын көтеріп, азаттыққа жол ашқан» атты көрмемен ашылған бұл шара кезінде «Алаш Орда» атты деректі фильмі көрсетілді, ал кеш қонақтары естеліктерін ортаға салуда.