Алматыда «Азаматтық бастамалар үшін жаңа медиа» тренингі өтеді

   АЛМАТЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 27-28 қаңтар мен 10-11 ақпан күндері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған «Азаматтық бастамалар үшін жаңа медиа» тренингі болады.
None
None

 Оны Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдаумен «Медиа стандарттар институты» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.

Оған қатысушылар блог, микроблог,  фото және бейне сервистердің мүмкіндігі мен оларды қолдану туралы жан-жақты мағлұмат алады. Сондай-ақ   үздік қатысушыларға шағын камералар беріледі деп жоспарлануда.  Бұл шара одан кейін Талдықорған, Тараз және Қарағанды қалаларында да ұйымдастырылмақ.

Қазіргі таңда ғаламтор аудиториясы Қазақстанда 5 миллион адамнан асып отыр. Желілерде олар бір-бірімен танысып, өзара ақпарат алмасуда. Олар онда  әріптестер мен бастамаларды қолдайтын донорлар табуға мүмкіндік алып отыр.

Соңғы жаңалықтар