Алматыда Ажар Төлеуханның жеке көрмесі ашылды

АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ажар Төлеуханның алғашқы жеке көрмесі ашылды,

Алматыда Ажар Төлеуханның жеке көрмесі ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бұл көрмемді өнер сүйер жұртшылыққа арнаймын. Сондай-ақ маған қолдау білдірген жақын жандарыма, тәлімгер-ұстаздарыма зор алғысымды жеткізгім келеді», дейді А. Төлеухан.Көрмеге суретшінің 40 шақты жұмысы қойылған. Олардың арасынан портреттерді, табиғат көріністерін тамашалауға болады. Суретшінің айтуынша, ол бейнелеу өнерінде тақырып таңдамайды. Көңіліне қандай құбылыс жақын болса, көп кешікпей олар Ажардың жұмыстарында көрініс табады.А. Төлеухан ҚР Дизайнерлер одағының, сондай-ақ Суретшілер одағының мүшесі болып табылады.