Алматыда әжелер троллейбус итеріп жүр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әжелер мен полицей қызметкері жол ортасындағы троллейбусты итеріп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Видео @ztb_video паблигінде жарияланған.

Алматыда әжелер троллейбус итеріп жүр

Электр көлігі Қабанбай көшесінің ортасында тоқтап қалған. Қоғамдық көлікті жолаушылар мен полиция қызметкері итеріп жол шетіне шығарған.

Видеоны көрген адамдар әзіл-қалжыңы аралас пікірлер қалдырып жатыр.

Девять бабуль - это сила)💪

Публикация от 🇰🇿© ZTB.KZ 2017 (@ztb_video) Авг 9 2017 в 9:45 PDT

Әзірге «Электронтранс» АҚ бұл жайтқа түсініктеме берген жоқ.

Айта кету керек, жолаушылар арасында троллейбустардың жұмысына наразылық білдіретіндер көбейіп барады. Көпшілігі электр көлігіне жиі ток берілмей қалатынын айтуда.