Алматыда Азиада ойындарының билеттері сатыла бастады
АЛМАТЫ. 2 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - 1 қарашадан бастап Алматыда Азиада ойындарының билеттері сатыла бастады. Оның құны ел тұрғындарының қалтасы көтерерліктей етіп бекітілді.
Билеттер құны орта есеппен алғанда 5-10 АҚШ доллары аралығында болады. Ал жартылай финал мен финалдық жарыстарға арналған билеттер құны - 15-30 долларға бағаланып отыр. Азиаданың ашылу және жабылу салтанатына қатысу билетінің құны орта есеппен 75 доллар тұрады.
Ескере кететін бір мәселе, жарысқа 3 жасқа дейінгі балалар тегін кіргізіледі. Сондай-ақ балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүгедектерге арнайы тегін билет қарастырылған. Оларға бұл жеңілдік сыйлық ретінде үлестіріледі. Сонымен бірге, арнайы мультбилеттер әзірленді. Оны сатып алатын болсаңыз, спорттың бір түрінен өтетін жарыстың бәріне сол билетпен кіруге мүмкіндік аласыз. Оның бағасы - 10-15 пайызға төмен.