Алматыда Азиаданы қолдауға арналған велошеру өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Ертең Алматыда 2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындарын қолдау аясында қалалық велошеру өтеді.

Алматыда Азиаданы қолдауға арналған велошеру өтеді

Оған ниет білдірушілердің барлығы - тұрғындар, қала қонақтары, чемпиондар, велоспорт ардагерлері, жастар ұйымдары өкілдері және басқалар қатысатын болады. Шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау мен ірі мегаполисті қалада велосипед қолдануды насихаттауға бағытталған.

Велошеру әл-Фараби мен Тәттімбет көшелерінің қиылысынан басталып, Дендропарк алаңында аяқталады. Шеру барысында әл-Фараби даңғылымен батысқа қарай автокөліктер қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Алаңда велошеруге қатысушыларды салтанатты түрде құттықтау рәсімі мен концерттік бағдарлама болады. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталады.